Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрған адамды талдырады": Гүлзира Айдарбекова ұлының тәрбиесі туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұшақтағы оқиғаға ұлының ішімдік ішкені әсер етті дегендерге жауап берді. Қайрат Нұртастың анасы бұл болжамды жоққа шығарып, жанжал неден туындағанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында өзіне пікір қалдырған оқырманына жауап берді. Әншінің анасы бүгінде сараптама жасалғанын хабарлап, ұлының ішімдік ішпегенін айтты.

"Сараптама жасалды. Ешқандай ішімдік ішпеген. Досы ту сыртынан артқы жағынан келіп, құлақ-шекеден ұрғанда бұл да атып тұрып, бетінен соққан. Досының көзі көгеріп қалды. Кез келген адам өзін біреу ұрса, жауабын қайтаратын шығар?! Қайрат шыбынды да өлтірмейді ғой. Ол табиғатынан ешкімге өздігінен тиіспейді. Бірақ ұрған адамды талдырады. Талдырмаса да оңдырмайды. Бала кезінен сондай тәрбие бергенбіз. "Таяқ жеп келуші болма" деп үнемі айтып отыратынбыз", – деді Гүлзира Үсенқызы. 

Гүлзира Айдарбекованың пікірі
Гүлзира Айдарбекованың пікірі. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132382-urgan-adamdy-taldyrady-gulzira-aidarbekova-ulynyng-tarbiesi-turaly-soz-qozgady/