Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаражат жағынан қиналған кездер болды": Қайрат Түнтеков Шымкенттегі өмірі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Қайрат Түнтеков
Қайрат Түнтеков. Видеодан кадр: youtube.com/ Qazaq AIRAN

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Түнтеков шамамен осыдан 10 жыл бұрын Шымкент қаласына көшіп кетті. Сахнадан алыстаған өнер иесі осы уақытқа дейін үшінші мегполисте немен айналысты? Оның тек шығармашылық емес, қаржылық қиындыққа кезіккені рас па? Осы және өзге де сұрақтарға Қайрат Түнтековтің өзі Qazaq AIRAN жобасына берген сұқбатында жауап берді.

Әңгіме барысында Қайрат Түнтеков пандемия кезінде кәсібін не себепті жауып тастағанын түсіндірді. Ол халық әлі күнге дейін өзін іздейтінін алға тартты.

"40-қа таяп қалыппыз. Шымкентке келіп, немен айналыссам болады екен деп ойладым. Шығармашылықта дағдарыс та болды, жол да болмады. Қиыншылық та кездесті. Өмір ғой. Еркектің басынан не өтпейді. Қандай жағдайлардан өткенімді, неге тап болғанымды біраз халық білді, халық көрді. Келдім. Кәсіппен айналысып та көрдім. Мейрамхана аштым, караоке-клуб аштым. Оны да көру керек болды.

Басында жақсы жүріп жатты да пандемия басталып, бүкіл жер жабылып, кәсібімді жауып тастадым. Қаражат жағынан да қиындық болып қалатын кездер болды. Тұрақты жұмыс болған жоқ. Айналшықтап жүріп бәрін көрдім.

Сөйтіп жүріп әнге де бұрылып қоямын. Жолым болмайды. Бірақ халық іздейді, әлі күнге дейін іздейді. Соны көріп ынталанасың, күш-қуат пайда болады. Бастап келе жатып, қайта жолың болмайды. Шығармашылық дағдарыс", - дейді ол.

Осы ретте әнші жолы не себепті болмайтынын да түсіндіріп өтті.

"Жолы болмау деген еңбек қой. Мен жаман жолмен жүргім келмейді. Біреуді алдап, арбап, біреуден ақша алуға жоқпын. Мемлекетке жұмыс істеп көрмегенмін. Мәдениет басқармасына шақырғандар да болды", - деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132583-qarazhat-zhagynan-qinalgan-kezder-boldy-qairat-tuntekov-shymkenttegi-omiri-zhaily-ashyq-aitty/