"Көзін ашпайды": Ләйлә Сұлтанқызының анасы тележүргізушінің бала күнін еске алды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының анасы Ұлтусын Көшкінбайқызы тележүргізушінің балалық шағын еске алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Журналист анасының жүрекжарды әңгімесін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Ләйләнің кішкентай күніндегі бір оқиғасын айтып берейін. 2-ден асқан кезі. Өзі ыңырсып өлең айтып жүре береді, бір күні тамақ ішейік деп бәріміз жиналып отырсақ, екі көзін жұмып алып, тамақты іше береді-іше береді.
"Аш" десе, көзін ашпайды. Содан 2-3 күн өтті. Бәріміз "көзіңді аша ғой" десек те ашпайды. Қайын әпкем "мына қызға не болған?" деді де, екі мұрнын екі шетінен қолымен шертіп-шертіп жіберді. Көзін ашып, содан бәріміз қуанғанбыз. Балалық шақтан есімде қалған қызығы осы", - деді ол.
Осы ретте тележүргізуші анасына алғыс айтуды ұмытқан жоқ.
"Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,
Екі баласы бардың болар-болмас халі бар,
Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар,
Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар…
Төртеуімізді жеткізген, қызығымызды есіне сақтап, бөліскен, бар жағдайымызды жасауға тырысқан ата-анамызға рақмет! Бұл да бір тарихи видео", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139988-kozin-ashpaidy-laila-sultanqyzynyng-anasy-telezhurgizushining-bala-kunin-eske-aldy-video/