jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Әбден жыладым": Мақпал Исабекованың баласы ауруханаға түсті

    Мақпал Исабекова
    Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

    Әнші Мақпал Исабекованың екі жасар ұлы ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

    "Теодор оң жақ пневмониямен ауруханаға түсті. Мен онымен бірге жата алмадым. Әбден жыладым. Үйде емізулі қызым бар, ол да аздап ауырып қалды, ал оның туғанына 20 күн ғана болды", - деп жазды әнші Instagram-дағы сторисінде.

    Әншінің ұлы Теодор
    Әншінің ұлы Теодор. Скриншот: instagram.com/makosyai

    "Мен күйзеліске түстім, ұлым да осы жағдайды бастан кешіп жатыр. Қолында катетер, не болып жатқанын түсінер емес, анасының неліктен бір келіп, бір кетіп жүргенін, өзінің қайда жатқанын да түсінбей жылап жатыр", - деп жазды Мақпал Исабекова.

    Әншінің қызы Илая
    Әншінің қызы Илая. Скриншот: instagram.com/makosyai

    Еске салайық, бұған дейін әнші Мақпал Исабекова екінші сәбиін дүниеге әкелгенін жазған болатынбыз.

    "Әбден жыладым": Мақпал Исабекованың баласы ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.