Абай Бегей немересін перзентханадан шығарып алды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Абай Бегей келіні мен немересін перзентханадан шығарып алды. Өнер иесі бұл күнге ерекше дайындалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды жанұяның қуанышына бірқатар жақындары мен туыстары да ортақтасқан. Абай Бегей бастаған көпшілік перзентханадан шығып келе жатқан жас ата-ана мен перзентін ерекше қарсы алған.
Өнер иесінің ұлы келіншегіне үлкен гүл шоғын тарту етіп, қызы үшін алғысын айтты. Сонымен қатар ол үйді шарлармен безендіріп, әйелі мен перзентін қатты қуантқан.
Бейнежазбалардың бірінде Абай Бегейдің немересін алғаш рет көріп, оған тамсанып тұрғанын байқауға болады.
Айта кетейік, 22 шілде күні Абай Бегей немересі дүниеге келгенін хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141109-abai-begei-nemeresin-perzenthanadan-shygaryp-aldy-video/