"Төрт жігіттің асқақ арманын орындады": Бағлан Әбдірайымов ағасын туған күнімен құттықтады
Опубликовано:
"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов ағасы әрі продюсері Ерғали Әбдірайымовты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Бағлан Әбдірайымов ағасына деген ақ тілегін Instagram-дағы парақшасы арқылы жолдады. Әнші Ерғали Әбдіраймов "Жігіттер" квартетіндегі 4 жігіттің де арманын орындаған адам екенін айтты.
"Алматыға ең алғаш Ерғали ағаны іздеп келгенбіз. Төрт жігіттің асқақ арманын орындаған біртуар ағамыздың туған күні! Ғұмырлы болыңыз", - деп жазды Бағлан Әбдіраймов.
Айта кетейік, бұған дейін Бағлан Әбдірааймов желідегі видеосы үшін сынға қалғанын жазған едік. Онда өнер иесі көлікке жанармай құйып жатқанын көруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2141181-tort-zhigitting-asqaq-armmanyn-oryndady-baglan-abdiraiymov-agasyn-tugan-kunimen-quttyqtady/