jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Тойға ақсақал болып киініп барған Төреғали Төреәлі жұрттың көңілін көтерді (видео)

    Төреғали Төреәлі ақсақал киімінде
    Төреғали Төреәлі ақсақал киімінде. Видеодан кадр: instagram.com/ toregalitoreali

    Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі тойға ақсақал болып киініп барып, көпшіліктің көңілін көтерді. Ол той иелері мен қонақтарының әсерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    Видеода Төреғали Төреәлінің шапанмен тойға кіріп келгенін аңғаруға болады.

    "Әкел бері микрофонды. Дариға қайда? 60 жасың құтты болсын, айналайын. Бауыржан екеуіңе бір ән айтып берейін. Мен Сафураның сыныптасымын, танып тұрсың ба? Танып тұрсың ба, кіммін? Өлеңді қой , - дейді ол.

    Артынша эстрада жұлдызы "Найзағай көңіл" әнін орындай кетеді. Осы сәтте сақалын шешкен Төреғали Төреәлімен көпшілік жарыса суретке түсе бастайды.

    "Ата болып тойды жарып қайттым. Көңіл күй сыйладым ба?", - дейді ол жазбада.

    Ал әншіге той иесі алғысын жаудырып, ақ тілегін айтты.

    "Керемет пранк болды. Әкем расында аң-таң болып қалды. Әжем арғы жақта "қай сыныптасым еді?" деп ойланып отырды. Тойды жардыңыз, әзіліңіз бен әніңізге рақмет. Ата-анам мен қонақтар өте-өте риза", - деді Алтынай Қошан есімді желі қолданушысы.

    Тойға ақсақал болып киініп барған Төреғали Төреәлі жұрттың көңілін көтерді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.