jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Қайран жастық": Мақпал Жүнісова желіде Роза Рымбаеваның жас кезін көрсетті

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: instagram.com/ zhunusovamakpal

    Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның жас кезін көрсетті. Ол әріптесінің әніне билеп тұрған сәтінен видео жариялады.

    Мұрағаттағы видео Мақпал Жүнісованың Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды. Видеодан Мақпал Жүнісова мен басқа да өнерпаздар әріптесі Роза Рымбаеваның әніне билеп тұрғанын байқауға болады. Ал Роза Рымбаева "Қайран, жастық" әнін орындап жатады.

    Айта кетейік, осыған дейін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты құпияны не себепті жария еткенін ашып айтқан еді. Өнер иесі перзентіне шындықты айтқаны үшін өкінбейтінін жеткізді.

    "Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқтылар басқа адамнан туған деп айтып қояды.

    Одан да өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс", - деп жауап берді Жүнісова.

    "Қайран жастық": Мақпал Жүнісова желіде Роза Рымбаеваның жас кезін көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.