jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Төреғалидің тұрмыстағы қарындасына 1001 раушан гүлін жіберген адам белгілі болды

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің тұрмыстағы қарындасы Дина Төреәліге 1001 раушан гүлін жіберген адамның кім екені белгілі болды. Блогерге келген мұндай сыйлық күйеуінің ашуын тудырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дина Төреәліге 1001 раушан гүлін жіберген адам оны ертесіне кездесуге мейрамханаға шақырған. "Ұлы дала баласының" қарындасы сыйлықты жіберген жанның кім екенін білу үшін белгіленген жерге арнайы барған.

    Нәтижесінде блогерге пранк жасап, қатты таңғалдырған оның психолог маманы болып шыққан. Ол Дина Төреәліні кездесуге аса ерекше шақырғысы келген.

    "Үш кездесуді қалдырып қойған соң, кездесуге осылай таңғалдырып шақыратын психологым аман болсын. Әр кездесуден соң, ерекше сезім. Адам өзі дамып өзгерген сайын энергияға толады ғой", - деп жазды Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында.

    Дина Төреәлінің Stories-i
    Дина Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/tattti_kyz

    Айта кетейік, бұған дейін Дина Төреліге белгісіз жан 1001 гүл жібергенін жазған болатынбыз. Бұл жайт блогердің жолдасын қатты ашуландырған еді. Ол гүлді жеткізген қызметкердің сұрақтың астына алып, сыйлықты қабылдамайтынын айтты.

    Төреғалидің тұрмыстағы қарындасына 1001 раушан гүлін жіберген адам белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.