Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Гүлназ Жоланова ана болғанын растады

Жарияланған күні:

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Қазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланова алғаш рет ана болғанын ресми түрде растады. Өнер иесі өткен жылдың тамыз айында тұңғышын дүниеге әкелгенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлназ Жоланова ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін ана атанғанын растады. Бұл туралы актриса Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Менің сүйікті тамыз айым да келіп қалды. Бұл ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бұл айды өмір бойы асыға күтетін боламын. Себебі бұл айда мен ана атандым", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова Гүлназ Жоланованың балалы болғанын жария етіп қойған еді. Алайда актрисаның өзі бұл жаңалыққа қатысты мүлдем пікір білдірмей келді.

Гүлназ Жоланованың Stories
Гүлназ Жоланованың Stories. Скриншот: Instagram/zholanova_gulnaz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143503-aktrisa-gulnaz-zholanova-ana-bolganyn-rastady/