jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Әнші Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен қайта қосылды (фото)

    Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым
    Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaijarkinai

    Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі қайта қосылды. Өткен жылы айырылысып кеткенін хабарлаған "Рауза" сериалының жұлдыздары Жарқынай Ханайым мен Айдар Асқарбек енді бірге екенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жаңалықты Жарқынай Ханайым Instagram-дағы парақшасында жария етті. Актриса отбасы мүшелерімен көңілді отырыстан фото мен видео бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды. Кадрлардың бірінде әнші арудың бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен құшақтасып тұрғанын көруге болады.

    Желі қолданушылары қайта табысқан жұлдызды жұпты жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

    "Осы екеуінің қосылғанын қатты қаладым", "Керемет жаңалық, қатты қуанып тұрмын", "Басқа жұлдыздардың өміріне қызықпайды екенмін. Бірақ екеуінің қосылғанын қатты күттім. Сондай жарасымды жұп", "Сұқбаттарда бір-бірін жамандамады. Махаббат бар екені көрінді", "Махаббат жеңді. Енді өмір бойына қол ұстасып жүріңіздер", - деп жазуда көпшілік.

    Жарқынай Ханайым қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтты.

    "Айдар екеуміздің телефонымыз жарылып жатыр. Ақ тілектеріңізге алғыс. Аман болайық", - деп жазды актриса.

    Жарқынай Ханайымның Srories-i
    Жарқынай Ханайымның Srories-i. Скриншот: Instagram/jarkynaijarkinai

    Айта кетейік, өткен жылы Жарқынай Ханайым күйеуі Айдар Асқарбекпен ажырасып кеткенін хабарлап, оның себебін ашып айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.