"Ұмыта алмаймын": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сұраққа жауап берді
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, желіде жан сырын ақтарды. БАҚ өкілі күйеуіне деген сағынышы өмір бойына басылмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы жолдасына қатысты сұраққа Instagram-дағы парақшасында жауап берді. Оқырмандардың бірі тележүргізушіге "Қайрекеңізді сағындыңыз ба? Мен сағындым, 8 жылдан асты" деп жазған.
"Сағындыңыз ба? Бір сәт ұмытқан емеспін, ұмыта алмаймын және оған деген сағыныш ешуақытта басылмайтынын білемін. Таң атады, кеш батады. Өмір жалғаса береді. Тек құдайдан ғана жаныма тыныштық сұраймын. Ренжімеңіз, сізді жұбатайын десем, өтірік айтқандай боламын", - деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы.
Еске сала кетейік, 2022 жылы қарашада Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2144608-umyta-almaimyn-laila-sultanqyzy-marqum-zholdasy-turaly-suraqqa-zhauap-berdi/