jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Шымкентте дайын тұр": Төреғали Төреәлі дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізді (фото)

    Төреғали Төреәлі мен Елдос Сметов
    Төреғали Төреәлі мен Елдос Сметов. Видеодан кадр: instagram.com/ toregalitoreali

    Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізді. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

    Төреғали Төреәлі жылқыны Елдос Сметов Олимпиадаға кетпестен бұрын атамақ болғанын айтты. Белгілі бір жағдайларға байланысты үлгермеген ол сыйлығы жайлы дзюдошының WhatsApp нөміріне жазып жіберіпті.

    "Ауырып қалып, Елдосты да құттықтай алмадым. Асықпай құттықтаймыз. Олимпиадаға кетіп бара жатқан кезде бірге шай ішіп, бата қылып едік. Соны Құдай қабыл еткен екен. Кетіп бара жатқан кезде ағаларым берген аты бар еді, мықты аттың баласы. Соны сол жерде беремін деп отыр едім, ол Шымкентке жетпей қойды. Содан кеткеннен кейін өзіне "жаңа бере алмай қалдым" деп жазып жібердім. Ұлдарыңыздың алып келген алтын медалі құтты болсын. Өте қатты қуаныштымыз",- дейді Төреғали Төреәлі видеода.

    Осы ретте шоу-бизнес өкілі Елдос Сметовке жазған хабарламасын да көрсетті.

    "Алла бере салған Елдосым! Мынау сізге атаған тұлпарым болсын! Сіз кетемін дегенше Шымға жетіп болмаған соң айта алмап ем. Көкпарға тойға мінерсіз! Тұлпарыңыз салым сала берсін, өзіңіз алтындар ала беріңіз, досым! Кез келген уақытта, қашан алып кетемін десеңіз де, Шымкентте дайын тұр. Құт болсын! Алтын адамсыз ғой!",- деп жазған Төреғали Төреәлі.

    Төреғали Төреәлінің жазбасы
    Төреғали Төреәлінің жазбасы. Скриншот: instagram.com/ toregalitoreali

    "Шымкентте дайын тұр": Төреғали Төреәлі дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.