jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Шындықты ашатын күнді көріп кетсем екен": Мақпал Жүнісова желіде жан сырын ақтарды

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен түскен мұрағаттық суреттерді жариялап, ел алдында жан сырын ақтарды. Өнер иесі халыққа шындықты айтатын күнді көріп кетуді армандайтынын жазған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова отбасылық мұрағатты Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ерлі-зайыптының саяхаттарда, түрлі жиындарда жүрген кезін көруге болады.

Желі қолданушылары марқұм жолдасына сағынышын жеткізген әншіге қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған.

"Кеңсайдағы қазақтың біртуар аға-апаларымыздың зираттарын аралап, қол жайдық. Зәкеңнің басына да бардық. Жаны жаннәттан болсын, Мақпал апай", " Заңғар ағамыздың жатқан жері жайлы болсын", "Мақпал ханым, сізге мықты денсаулық тілеміз. Мерейдің рахатын көріңіз", - деп жазды оқырмандар.

Көпшіліктің толассыз пікірінен кейін Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты ойын айтты.

"Сол хайуандардың атын айтып, халыққа шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен. Өткен күн оралмайды", - деп жазды әнші.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.