Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерлі-зайыпты": актриса Фариза Ескермес сүйіктісімен заңды түрде некеге тұрды (видео)

Жарияланған күні:

Фариза Ескермес сүйіктісімен
Фариза Ескермес сүйіктісімен. Видеодан кадр: Instagram/fariza_yeskermes

Отандық танымал актриса Фариза Ескермес сүйіктісімен некеге тұрып, заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Қос ғашық қуанышын желіде оқырмандарымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Танымал актриса Фариза Ескермес сүйіктісімен АХАТ бөлімінде заңды түрде некеге тұрды.
  • Актриса өзінің қуанышты сәтін әлеуметтік желіде бөлісіп, "Ерлі-зайыпты" деген жазба қалдырды.
  • Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін білдіріп, бақытты болуларын тіледі.

Фариза Ескермес өміріндегі аса бақытты күннен видео жариялап, қуанышты жаңалығын хабарлады. Жақында ұзатылған актриса сүйіктісімен АХАТ бөліміне барып, некесін заңдастырғанын айтты.

Өнер иесі аталмыш видео астында "Ерлі-зайыпты" деген жазба қалдырды.

Желі қолданушылары қос ғашық үшін қуанып, оларға ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты екені көрініп тұр. Махаббаттарың баянды болсын", "Сондай жарасымды. Бақытты болыңыздар", "Көз тимесін. Екеуінің махаббаты ерекше", "Бақытты да баянды ғұмыр кешідер", "Фариза орманы орындалған кішкентай қыз секілді. Сондай бақытты өзі", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Фариза Ескерместің ұзату тойы өткен болатын. Актриса бұл мерекелік шараны өз үйінде тек ет-жақындаиымен өткізуді шешкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2146170-erli-zaiypty-aktrisa-fariza-eskermes-suiiktisimen-zangdy-turde-nekege-turdy-video/