"Уақытында білесіздер": Ғабит Бибасыұлы екінші рет үйленуге қатысты ойын айтты
Жарияланған күні:
"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі екінші рет үйленуге қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
- Ғабит Бибасыұлы әлеуметтік желіде оқырмандарымен сұхбаттасып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
- Әнші бұрынғы отбасын сақтап қалмау себебін ашпады, бірақ болашақта екінші рет үйленуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
- Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтқан, бірақ "Меломен" тобының мүшесі Қайрат Мырзаханов бұл мәлімдемелерді теріске шығарды.
Ғабит Бибасыұлы Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты.
Желі қолданушыларының көбісі әншінің жеке өміріне қатысты сұрақ жолдаған. Олардың бірі өнер иесіне отбасын не себепті сақтап қалмағанын сұрады.
"Уақытында білесіздер немесе білмей-ақ қойған жақсы", - деп жазды ол.
Тағы бір оқырманы әншіден екінші рет шаңырақ көтеруге қатысты ойын білмек болды. Ғабит Бибасыұлы болашақта үйленуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Әнші бұл сұраққа "Бұйыртса" деп қысқа жауап берді
.Айта кетейік, Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенннің сұқбатынан кейін желіде үлкен сынға ұшырады. Әншінің экс-келіншегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтып, жұлдызды күйеуі өзіне қол көтергенін жеткізді.
Алайда Нұрила Ақбергеннің сөздерін "Меломеннің" әншісі Қайрат Мырзаханов жоққа шығарып отыр. Ол желіде жазба жариялап, әріптесі Ғабит Бибасыұлына қолдау білдірді.
Әншінің бұрынғы әйелі бүгін желіде "соққы алған" кезінен видео жариялап, отбасылық өмірі туралы өз шындығын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2146182-uaqytynda-bilesizder-gabit-bibasyuly-ekinshi-ret-uilenuge-qatysty-oiyn-aitty/