Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелі бар екенін білдім": Индира Елемес күйеуінің екінші зайыбы болып тұрмысқа шыққанын айтты

Жарияланған күні:

Индира Елемес
Индира Елемес. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Қазақстандық танымал әнші Индира Елемес жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, тұрмысқа шыққан кезін еске алды. Өнер иесі жолдасының әйелі бар екенін біле тұра оған тұрмысқа шыққанын растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Әнші Индира Елемес өзінен 19 жас үлкен күйеуімен кездейсоқ танысқанын және оның әйелі бар екенін біле тұра екінші зайыбы болып тұрмысқа шыққанын айтты.
  • Ол күйеуінің бірінші әйелімен заңды некеде емес екенін, бірақ өздерінің некесін қиғандарын атап өтті.
  • Индира Елемес күйеуінің оған барлық қамқорлығын көрсеткенін, бірақ өзі өнерден кетпейтінін және опасыздықты кешіре алмайтынын бастан айтқанын жеткізді.

Индира Елемес күйеуімен қалай танысқанын "Мамский әңгіме" подкастында баяндады.

"Жолдасыммен кездейсоқ таныстым. Аузында Алласы бар, иманды кісі болды. Бірден жақсы сөйлесіп кеттік. Ол кісі шетелден келгеннен кейін бәрі тез болып кетті. Үлкен ұсыныс болған жоқ. Бізде той болған жоқ. Ақ көйлек те киген жоқпын. Арманда қалған қызбын. Бұл менің тағдырым шығар деп ойладым. Көзімді жұмдым да, қолынан ұстап, артынан кеттім. Ол кісі менен 19 жас үлкен. Сол кезде тойларға көп шығып жүрдім. Ер кісілер көп тиісе бастады. Қасымда арқа сүйер ер азаматым болса деп армандадым", - деді әнші.

Сонымен қатар Индира Елемес жолдасының келіншегі бар екенін біле тұра екінші әйелі болуға келскенін мойындады.

"Ол уақытта ол кісіде екі отбасы болды. Бірінші әйелі және мен болдым. Ол кісінің әйелі бар екенін білдім. Ойланып қабылдаған шешімім болды. Оның рұқсатын алғанын не алмағанын білмеймін. Бірақ некемізді қидық. Бірінші әйелімен де заңды түрде некеде емес. Жай ғана бірге тұрады. Әйелі келіп, айқай-шу шығарған емес. Мен жайлы өмір сүрдім деп айта аламын. Себебі маған бар қамқорлығын көрсетті. Мен ол кісіге "Сіз маған күйеуім ғана емес, әкемдейсіз, ағамдайсыз. Тағдырымды сізге тапсырдым. Бірақ мені ренжітпеңіз" дедім. Мен өнерден кетпейтінімді басында-ақ айтқанмын. Ол кісіге бәрін кешіремін. Тек опасыздықты кешіре алмайтынымды айттым", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2146363-aieli-bar-ekenin-bildim-indira-elemes-kuieuining-ekinshi-zaiyby-bolyp-turmysqa-shyqqanyn-aitty/