jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өзімді жек көремін": әнші Индира Елемес өміріндегі өкінішін айтты

    Индира Елемес
    Индира Елемес. Скриншот: "Қызықты weekend" бағдарламасы

    Отандық танымал әнші Индира Елемес отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, қандай қиындықтарға тап болғанын айтты. Өнер иесі ерте тұрмысқа шығып, 18 жасында ана атанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Әнші Индира Елемес 18 жасында ана атанып, ерте тұрмысқа шыққанын айтты.
    • Ол тұңғыш баласына көп көңіл бөле алмағаны үшін өкінетінін білдірді, себебі оқу мен жұмысқа көп уақыт жұмсаған.
    • Индира Елеместің айтуынша, екінші баласын саналы түрде, "Мен анамын" деген сезіммен босанған.

    Индира Елемес отбасылық өмірі туралы жан сырын "Мамский әңгіме" подкастында ақтарды. Шоу-бизнес жұлдызы ана атанғаннан кейін қандай қиындықтарға тап болғанын айтты.

    Әнші тұңғышына көп көңіл бөлмегені үшін өкінетінін жасырмады.

    "Ол кезде оқыдым, жұмыс істедім. Одан бөлек, келін болған соң үй шаруасымен де айналыстым. Шынымды айтсам, балама көңіл бөлетін уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Ол үшін өзімді кішкене біртүрлі сезінемін. Кей кезде тіпті өзімді жек көрем, бірақ енді не істеймін, сол кезде солай болуы керек болған ғой. Баламды асырау үшін тамағына ақша табу керек болды. Білмеймін, мен бұл жағдайды сізге айтып түсіндіре алмаймын. Бірақ кейін ұлымды саналы түрде босандым. "Мен анамын ғой" деген сезіммен ұлымды қалап, дүниеге әкелдім. Алладан сұрап алдым", - деді Индира Елемес.

    "Өзімді жек көремін": әнші Индира Елемес өміріндегі өкінішін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.