"Қарыз алғандарды кешіріп кетті": Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын еске алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады. Қайрат Нұртастың анасы өзіне әркез сенім білдіріп, қолдау көрсеткен ата-анасына алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
- Танымал әнші Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм ата-анасын еске алды.
- Ол ата-анасының суретін жариялап, олардың қайтыс болғанына 20 жыл толғанын айтты.
- Гүлзира өзінің ата-анасына деген сағынышын білдіріп, олардың жоқтығын әлі де сезінетінін жазды.
Гүлзира Айдарбекова әкесінің қайтыс болған күні желіде естелігін жариялап, марқұм ата-анасы қандай адам болғанын айтты. Продюсер Instagram-дағы парақшасында отбасылық мұрағаттағы суреттерді бөлісті.
"Әкемнің дүниеден озған күні. Алла анашым екеуінің жандарын жәннаттық етсін! Алға қойған мақсатыма жетуіме үлкен сеніммен қарап, еркін өсірген әкешім. Мен сені қатты жақсы көремін. Әкешім көз жұмар алдында, анамды шақырып, "Менен қарыз алғандар көп. Мен ешкімге қарыз емеспін. Қарызы барларды түгел кештім" деген сөзі әлі құлағымда. Дін аман кезінде жоғары оқу орнында оқып жатқан 4 бауырыма ақша салу үшін малын сатуға шығарды. Сол кезде анам, “"Қарыз алған адамдардан сұрайық" дегенде "Болса қайтарушы еді ғой, сұраушы болма" дейтін. Сондай қолы ашық адам болып, дүниеден көшті", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2146810-qaryz-algandardy-keshirip-ketti-gulzira-aidarbekova-marqum-ata-anasyn-eske-aldy/