"Үшіншісін жоспарлап отырмыз": Мақпал Исабекова жеке өмірі туралы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде оқырмандарымен тілдесіп, жеке өміріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі тұрмысқа шықпаған аруларға ақыл-кеңесін берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты. Желі қолданушыларының бірі шоу-бизнес жұлдызының отбасылық өмірі туралы сөз қозғап, күйеуімен ажырасып кеткені рас па екенін білмек болды.
"Жоқ, үшіншісін туайық деп жатырмыз", - деп жауап берді әнші.
Оған қоса оқырмандардың бірі Исабековадан балаларының ұлты қандай екенін сұрады. Өнер иесі "әр түрлі" деп қысқа жауап қатты.
Сонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді.
"Қыздар, мойымаңыздар. Бәрін де үлгересіздер. Тұрмысқа да шығасыңдар, баланы да туасыңдар, шаршайсыңдар. Өмірден рахат алып, дамып, саяхаттаңыздар. Бәрі өз уақытымен", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153205-ushinshisin-zhosparlap-zhatyrmyz-maqpal-isabekova-zheke-omiri-turaly-aitty/