"Шашыңды жинайсың ба деймін": актриса Дариға Бадықова қалай қонақ күтетінін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде оқырмандары жолдаған сұрақтарға жауап беріп, өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі қалай қонақ күтетінін айтып, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Желі қолданушыларының бірі актрисадан "Әлі де үйіңізді жинамай сыртқа шыпайсыз ба?" деп сұрады.
"Бірдеңе айтайын ба? Үйге қонақ шашын жайып келсе, шашыңды жинайсың ба деп айтамын. Әлі де сондаймын. Үйді шашып, беті-басымды бояп, шашты жайып шыға алмаймын. Артын бықсытып жүретіндер де бар ғой. Үйде кқрінген жерде шаш тұрғанда қаным басыма шығады. Үйде шашты да жайып жүрмеймін. Тым-тым тазамын", - деп жазды өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153715-shashyngdy-zhinaisyng-ba-deimin-aktrisa-dariga-badyqova-qalai-qonaq-kutetinin-aitty/