"Мұғалім немесе адвокат боласың" дейтін": Ақбота-Нұр марқұм анасын еске алды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Ақбота-Нұр жақында жаңа телехикаяда басты рөл сомдамақ. "Әділ Зере" сериалында қорғаушының рөлінде ойнайтын актриса түсірілім барысында қандай қиындыққа кезіккенін "1001 түн" бағдарламасында айтып берді.
Сұқбат барысында Ақбота-Нұр Сейітмағамбет марқұм анасын еске алды.
"Қазір сіздерге бір құпия айтқым келіп тұр. Марқұм анам "Сен өнерден бөлек, мұғалім немесе адвокат боласың деп айтатын. Осы екі мамандықтың бірін таңда, өйткені сенің мінезің қатты" дейтін. Өкінішке қарай, анаммен келісе алмадым, өнерге кеттім.
Өмірімде емес, өнерде адвокаттың рөлін сомдау маған бұйырған екен. Бұл жобада маған түрлі баптарды, заңдарды жаттау маған қиынға соқты. Ал жалпы мықты әйелдің рөлін сомдау мықты әйелге қатты қиын емес деп ойлаймын", - дейді актриса.
Одан бөлек, Ақбота-Нұр жалғызбасты аналарға қатысты сөз қозғады. Ол тағдыр тәлкегіне сынбай, балалары үшін еңбек етіп жүрген келіншектерге нағыз батырға теңеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154070-mugalim-nemese-advokat-bolasyng-deitin-aqbota-nur-marqum-anasyn-eske-aldy-video/