jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақшаларыңыз бар ма деп сұраймын": актриса Нұргүл Мыңғатова гонорары туралы айтты

    Нұргүл Мыңғатова
    Нұргүл Мыңғатова. Видеодан кадр: Youtube/Dinara Satzhan

    Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова негізгі табыс көзі туралы сөз қозғап, театр мен кинодағы гонорары туралы айтты. Өнер иесі бүгінде фильмдерге қатысты нақты бағасын бекітіп, соны төлей алатындармен ғана жұмыс істейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұрғүл Мыңғатова табысы туралы Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтты. Актриса гонорарын төлей алмайтындардың киносына түспейтінін жасырмады.

    "Қазір театрда 100 мың теңгедей жалақы аламын. Себебі айына 2-3 рет қана барып, рөл ойнаймын. Ал кинода өзім келісемін. Бағамды өзім айтамын. Пробаға шақырса, бірден "Ақшаларыңыз бар ма? Төлей аласыздар ма?" деп айтамын. "Енді бастап жатырмыз" дейтіндер де бар. "Ақша аз" десе, "Жарайды онда, менде уақыт жоқ" деп айтамын. Өйткені біз қазір сондай кезге жеттік.

    Студент кезімізде күнкөріс, бастама болды. Барасың, түсесің, тәжірибе аласың. Ал қазір қашанғы тәжірибе алып жүре береміз? Мен тәжірибем мол, бәрін қатырамын деп айта алмаймын. Бізге үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Бірақ еңбегіңді өзін де бағалай бастайды екенсің. Таңнан кешке дейін оңай емес", - деді өнер иесі.

    "Ақшаларыңыз бар ма деп сұраймын": актриса Нұргүл Мыңғатова гонорары туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.