jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзін таппай қалды": Роза Әлқожа балаларын ақылы мектепке бергені үшін өкінгенін айтты

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    өҚазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа мектеп тақырыбын қозғап, олардың сапасы туралы ойын айтты. Өнер иесі өткен жылы балаларын ақылы мектепке беріп, үлкен қателікке бой алдырғанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Роза Әлқожа бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. Өнер иесі бастапқыда білім ордасының жарнамасына қызығып, екі перзентін де сонда ауыстырып жіберген. Алайда кейін бұл шешімі үшін өкініп қалған. Бір баласы мектепке үйренісе алмаса, екіншісінің сабағы мүлдем нашарлап кеткен.

    "Қалайсыздар?! Мектепке дайындалып жатырсыздар ма?! Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Келін алғаным да дұрыс болған екен! Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар деп әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып едік. "Арзанның сорпасы татымайды" болып қалдық.

    Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды! Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой. "Қой" деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң, бағасы миллион бірдеңе деп шығады екен ғой иә бұл ақылы мектептер?! Бопты, бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын", - деп жазды әнші.

    "Өзін таппай қалды": Роза Әлқожа балаларын ақылы мектепке бергені үшін өкінгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.