jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті (видео)

    Айгүл Иманбаева
    Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке жолдасын көрсетті. Өнер иесі отандық бағдарламалардың бірінде некесін қиған сәтінен видеоны жария еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жақында ғана жеке өміріндегі жаңалықтарын қалың көпшілікке хабарлаған Иманбаева енді жолдасын жасырмай көрсетуді шешкен. Ол белгілі журналист Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, халыққа отағасымен түскен видеосын жария еткен.

    Бейнежазбада қос ғашықтың мешітте некесін қидырып жатқанын көруге болады. Бұл рәсімге актрисаның ұлы да қатысқан. Асылжан Әбдімүтәлі анасының өміріндегі маңызды күндердің бірінде қасынан табылып, марқұм атасының орнын жоқтатпай келген.

    "Күйеуімді еш жерде көрсету ойда болған жоқ. Алайда бұл сырласуда көрсетемін деп шештім. Бұл Лос-Анджелес қаласында некемізді қиған сәт. Әкем дүниеден өткен соң, ұлым оның орнын жоқттапай мені аманаттап жолдасыма берді. Ол куәгер емес, аман ретінде мені тапсырды", - деді әнші.

    Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.