jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жұғысты болсын": Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты

    Алтынай Жорабаева
    Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

    Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесінің қызы Қытай еліндегі беделді университеттердің біріне оқуға түскенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Алтынай Жорабаева бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Өнер иесі бұған дейін қызы Қытайдың екі университетінен шақырту алып, енді таңдау жасайын деп жатқанын хабарлаған болатын.

    "Аяулым таңдау жасады. MINZU университетінде қытай тілінде стипендиясын алып оқиды. Ал BFSU университетінде қосымша жапон тілін оқиды. Жаным, ақылдым. Өте дұрыс шешім ғой. Ақ тілек-ниеттеріңіз өздеріңізге еселеп тұрып қайтсыншы. Жұғысты болсын", - деп жазды әнші.

    Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева қызы Қытайға оқуға кететінін жария етіп, көпшіліктен сүйінші сұраған еді.

    "Жұғысты болсын": Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.