Блогер Damelya Sweet өз туған күнінде әкесіне көлік сыйлады (видео)
Жарияланған күні:
Жастар арасында кеңінен танылған блогер Damelya Sweet өз туған күнінде әкесін қуантты. Желі жұлдызы асқар тауы әкесіне тосынсый жасап, оған су жаңа көліктің кілтін табыстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Damelya Sweet бұл қымбат сыйлығын әкесінің туған күнінде тарту еткісі келген. Алайда бір себептерге байланысты бұл ойы іске аспай қалды.
Блогер ару өз туған күнінде әкесіне тосынсый жасап, көпшілік алдында оған жаңа көлік сыйлаған. Желі жұлдызы асқар тауы әкесіне соңғы үлгідегі Mercedes Gelandewagen автосын тарту етті.
"Менің әкемнің түрі суық болғанымен, жүрегі өте жұмсақ. Жұмыстан үнемі маған тәттілер алып келетін. Мен қиналған сәттерде маған қалай қолдау білдірерін білмейтін. Бірақ мен әрқашан әкемнің дұғасында екенімді білдім. Шетелге оқуға кетіп бара жатқанда, "Қызым, саған сенеміз! Не істесің де өзің біл" деді. Мақсатыма жете алмай, қайтып келгенде де қолдауын аямады. Қандай қателік жасасам да, "Адам болғасын қателесесің" деп жұбатты. Үнемі анама қымбат сыйлық жасайды екенмін. Әкеме де беріп жатсам, "Қой, ондай қымбат сыйлығың керек емес" деп бас тартады. Бүгін туған күнімде әкеме көлік сыйлаймын. Негізі оның туған күні 24 тамыз болатын. Отбасы жағдайына байланысты дәл туған күнінде бере алмадым. Әке, бәріне рақмет", - деп жазды блогер Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160468-bloger-damelya-sweet-oz-tugan-kuninde-akesine-kolik-syilady-video/