Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті

Жарияланған күні:

Күләш Қажығалиева
Күләш Қажығалиева. Фото: facebook.com/teatr.musrepov

ҚР Еңбек сіңірген артисі, "Ерен еңбегі үшін" және "Еңбек ардагері" медальдерінің иегері, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының артисі Күләш Қажығалиева өмірден өтті. Бұл туралы театрдың Facebоok-тегі парақшасында хабарланды.

"Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарда.

Жаназасы бүгін, 13 қыркүйекте сағат 10:00-де шығарылады.

Театр ақпаратынша, Күләш Қажығалиева 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған актриса. Ол Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі "Менің атым Қожа" қойылымында Жанардың рөлінде ойнаған.

Сондай-ақ актриса "Қызыл сұңқарлар" – Маруар, "Қорқыттың көрі" – Қамқа шеше, "Ыстықкөл трагедиясы" – Кемпір, "Ақ кеме" – Кемпір, "Қыз жиырмаға  толғанда" – Ғани,  "Жақсы кісі" –Балзия, "Атау-Кере" – Марфа, "Ауылдан келген ару" – Сәндігүл, "Ең алғашқы Жаңа жыл" – Әже, "Шағала" – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160844-tanymal-aktrisa-kulash-qazhygalieva-omirden-otti/