Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақова отбасымен Абу-Дабиде қалай демалып жатқанын көрсетті

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова отбасымен
Айжан Байзақова отбасымен: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова кезекті отбасылық демалысқа ұшып кетті. Жұлдызды жанұя бұл жолы Біріккен Араб Әмірліктерін көріп қайтуды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова шетелге ұшып кеткені туралы Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына хабарлады. Желі жұлдызы бұл жолы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласына саяхаттап барған.

Блогер бұл сапарына жолдасы мен екі ұлымен бірге барған. Ерлі-зайыпты қаланың әсем жерлерін аралап, балаларын танымал ойын-сауық орталықтарына апарған.

"Біз Нұрбек екеуміз де бала секілдіміз. Ойын-сауық орталығында біз Аланнан да қатты қуандық. Үлкен ұлым бүгін демалыс үшін бізге алғысын айтты. Сондай ерекше сәт", - деп жазды Байзақова.

Оған қоса актриса шетелде бала қарасатын адам іздеп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2161032-aizhan-baizaqova-otbasymen-abu-dabide-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti-foto-video/