Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шындықты да біреу айту керек": Роза Рымбаева әнші Меруерт Түсіпбаева туралы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Роза Қуанышқызы Рымбаева
Роза Рымбаева. Видеодан кадр: youtube.com/ KTK TV

Отандық эстрада жұлдызы, халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева әріптесі Меруерт Түсіпбаевамен қарым-қатынасы туралы айтты. Ол өнердегі сіңілісінің ұстанымы мен қайсарлығына тәнті екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Халық әртісі Меруерт Түсіпбаева туралы пікірін "Иірім" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

"Меруертті біздің көрермен әнші ретінде, кино-театр актрисасы ретінде жақсы біледі. Біз Меруерт екеуміз бір факультетте оқығанбыз. Біздің ұстазымыз, мектебіміз бір- Рәхилам Әбдірахманқызы Машурова. Ол менен кейінгі курста бітірді. Одан кейін жасөспірімдер театрында көп жыл актриса болып еңбек етті.

Кейінгі кезде кинодан да көріп жүрсіздер, эстрадада көріп жүресіздер. Жалпы мен оны мықты қыздардың бірі деп санаймын, себебі жалғыз өзі баласын өсіріп, оны шетелде оқытып, жақсы дайындап жатыр. Ана болғаннан кейін ең бірінші парыз– сол баланы жеткізу, жағдайын жасау. Сондықтан "балам, балам" деп арасында шетелде тұрып келеді. Баласының өсіп жатқанына, оқуды жақсы бітіргеніне қуанып, бізге айтып жүреді. Біз де қуанамыз, біз де анамыз ғой", - деді ол.

Роза Қуанышқызы өнердегі әріптесінің кейбір қасиетіне тәнті болатынын да жасырған жоқ.

"Келіспей қалған дүниелерді ашық айтып тұрады. Ол жағынан белсенді, мен ол жағынан белсенді емеспін. Шындықты да біреу айту керек, халыққа жеткізу керек. Дұрыс па, бұрыс па, оны халық өзі біледі. Біз қазақ қыздары ұяңдау келеміз, "ұят-ау", "айтпай-ақ қояйыншы", "оны айтатын адамдар бар ғой" дейміз. Ал Меруерт оған тікелей шын жүрегімен араласады. Себебі адами позициясы, адами қасиеті үндемей тұра алмайды. Ол өзіне қатысты көп проблеманы да халыққа ашық айтады", - деді ол.

Осы тұста халық әртісі Меруерт Түсіпбаеваға шығармашылық табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162614-shyndyqty-da-bireu-aitu-kerek-roza-rymbaeva-anshi-meruert-tusipbaeva-turaly-zhan-syryn-aqtardy/