Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енем күйеуімді алып кетіп, үйлендіріп жіберген": Меруерт Түсіпбаева жеке өмірін айтып, көз жасына ерік берді

Жарияланған күні:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Видеодан кадр: youtube.com/ KTK TV

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева "Иірім" бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірі жайлы сыр шертті. Ол жолдасымен ажырасуына енесінің ықпал еткенін айтып, қиын кезеңді еске алды.

Әншінің айтуынша, ол бұрынғы жолдасымен студент кезінде көңіл қосқан. Ал екеуінің екі жаққа кетуіне енесі себепкер болған.

"Біз жастық шағымызда, студент кезімізде көңіл қосып, жарастық. Сегіз жылдай тұрдық. Өзі Шымкенттің жігіті. Енем мені қабылдамады. Ажырасуымызға енемнің қабылдамауы да сеп болды. Басында ипотекаға үй алып тұрып жатқан кезімізде енем күйеуімді алып кетіп, Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген.

Ол кезде ақша аз болған соң жатақханада тұрып, қыста жеуге тосап жабатынмын. Кейде киім болмаған кезде үлкен-үлкен пальто, кардиган тоқып, киіп жүре беретінмін", - деді әнші.

Осылайша, тұңғышы дүниеге келген өнер иесі үш күн жансақтау бөлімінде жатып, жетінші күні сахнаға оралған. Сұқбат барысында Меруерт Түсіпбаева ұлына көңіл бөле алмағанын да айтып, көз жасына ерік берді.

"Кейде баламның жастық шағы сонша тез өтіп кеткеніне өкінемін. Қасында анам, күтушілер болды. Балам алдымнан шыққанда "мен асығыспын" деп, аяқ киімді лақтырып, киімімді ауыстырып, чемоданымды алып кетемін.

Содан кейін балам Варшаваға оқуға түсіп, сонда кетті. Сосын "Балам екеуміздің ортамызда неге суықтық бар?" деп ойландым, көп іздендім. Психологтардың көмегіне жүгіндім. Өзімнің тым өзімшіл, тым суық, тым жұмысбасты екенімді түсіндім.

Мен жақсы ана болу баланы ақшалай қамтамасыз ету деп ойлаппын. "Үйі бар, көлігі бар, не болды?" дейтінмін. Балам Австралия мен Жапониядан басқа барлық мемлекетте болды. Сол жеткілікті деп ойлаппын, бірақ қиын-қыстау кезеңдерінде жанынан табылмаппын. Балам бір сөйлескенде маған солай айтты", - деп тарқатты әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162646-enem-kuieuimdi-alyp-ketip-uilendirip-zhibergen-meruert-tusipbaeva-zheke-omirin-aityp-koz-zhasyna-erik-berdi/