"Поэзияны қорлау": Жүрсін Ерман желіде өзіне ұқсас дауыспен өлең оқығандар туралы пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қазір әлеуметік желіде Жүрсін Ерманның даусына ұқсас дауыспен оқылған өлең жолдары тарап кетті. Оны ақынның ауырып жатқан сәтінде жазған өлеңі деп қабылдағандар да бар. Айтыс өнерінің жанашыры бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жүрсін Ерман өз атынан оқылған өлеңдер туралы "Кімнің есінде?" бағдарламасында айтты.
"Осы өлең маған бір сор болды. Ешкімге ескерту жасай алмаймын, өйткені кім жасап жатқанын білмеймін. Менің өлеңім деп оқиды, жасанды интеллектімен менің даусымды да салады. Бірақ ол менікі емес, бұл – поэзияны қорлау.
Ақжол деген жігіт жазып жүр деген, мен оған мән берген жоқпын. Бірақ дұрыс емес. Мықты болсаң, өз даусыңмен өз өлеңіңді оқы. Біреудің өлеңін оқып нең бар? Мұны мен атыма жабылған жала сияқты көремін", - деді Жүрсін Ерман.
Осы ретте айтыс ұйымдастырушысы өлеңге аса жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Ол шығармашылықпен тек шабыты келгенде айналысатынын жеткізді.
"Мен өлеңге аса қатты жауапкершілікпен қараймын. Бірақ кімнің жағасынан алып, жыртыса бересің? Осындай күйде хал кешіп отырмын. Туыстарым да кейде "мына өлеңің мықты екен" дейді. Мен өзімді классикпін деп отырған жоқпын, бірақ ол менің өлеңімнің жобасына келіспейді. Өлең туралы түсінігім басқа", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2163603-poeziiany-qorlau-zhursin-erman-zhelide-ozine-uqsas-dauyspen-oqylgan-olengder-turaly-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.