Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжол Мейірбековтің жары марқұм қандай дертпен күрескенін айтып, көз жасына ерік берді

Жарияланған күні:

Шәрипа Мейірбекова
Шәрипа Мейірбекова. Видеодан кадр: youtube.com/ KTK TV

Аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков 2023 жылдың қараша айында дүниеден озды. Жарты жылға жуық ғұмырын сахнаға арнаған әншінің қандай дертпен күрескені "Астарлы ақиқат" бағдарламасында белгілі болды.

Марқұмның бойын билеген сырқат жайлы 50 жыл отасқан жары баяндады. Шәрипа Мейірбекова өнер иесінің соңғы күндерін еске алып, көз жасына ерік берді.

"Үш жыл бұрын дәрігерлер "Терінің қатерлі ісігінің 4-сатысы" диагнозын қойды. Содан ауруханаға жатып, аяғындағы қатерлі ісікті алдырды. Ота жақсы өтті, үш жыл химиотерапия алды. Химиотерапия көмек береді деп дәрігерлерге сенді. Шетелге барайық десек, "барлық жерде бір хаттама, Алла не жазса, сол болады" деді", - деді ол.

Шәрипа Мейірбекова жолдасының ауруханадан шыққан соң екі күн ғана үйде болғанын айтады. Осы уақытта ол марқұмнан өзіне қаншалықты риза екенін сұраған көрінеді.

"Дәрігерлер "мұсылманша үйде болсын, ауруханада бәрін кесіп жібереді" деді. Содан үйге алып кеттік. Үйде екі-ақ күн болды. Соған да шүкір деймін. Алла Тағала қинаған жоқ. Ешкімге айтқысы келмеді.

Өз аяғымен ақырғы концерттеріне қатысты, өзін аурумын деген жоқ. Үйдегі екі күнінде "Ақжол, сен маған ризасың ба?" деп сұрадым. "Мен неге саған риза болмаймын" деді", - деп түйіндеді Ақжол Мейірбековтің жары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2164140-ush-zhyl-buryn-diagnoz-qoidy-aqzhol-meiirbekovting-zhary-marqumnyng-qandai-dertpen-kureskenin-aitty/