"Жұбайымнан көп нәрсе үйренуім керек": Бүркіт енесіне көлік сыйлап, жантебірентерлік жазба арнады
Жарияланған күні:
Көпшілікке Бүркіт атымен танымал әнші Айбек Жанпейісов енесіне тосынсый жасады. Ол Аишаның анасына жаңа көліктің кілтін табыстады. Видео желі оқырмандарының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аишаның анасы қызы мен күйеу баласының үйінде өзін тосын сый күтіп тұрғанын білмеген. Ал Бүркіт пен Аиша оған көлік сыйлауды жөн көріпті. Бастапқыда күйеу баласы енесіне бір құшақ гүл әкеліп, артынша темір тұлпардың кілтін табыстаған. Артынша Бүркіт бұл сыйлыққа Аишаның бастама болғанын айтып, жантебірентерлік жазба жариялады.
"Мен жұбайымнан әлі көп нәрсе үйренуім керек екен. Сахнада екеуміз жүрген соң, бұл Аишаның өз анасына сыйы. Иә, түсінемін, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен "бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы" деп айттым. Аишанікі не деген қарапайымдылық десеңші.
"Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің бастамасы" деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым, шынымды айтсам… Басқа адам болса, "да мама , это мой тебе подарок!" деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма маған осындай жар сыйлағанына рахмет! Жұмада жасаған игі ісіміз. Сондықтан, мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылыққа үйренуім керек екен деген шешімге келдім", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2164708-zhubaiymnan-kop-narse-uirenuim-kerek-burkit-enesine-temir-tulpar-syilady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.