"Соңғы екі аптада түсіме 4-5 рет кірді": Ләйлә Сұлтанқызының ұлы марқұм әкесін еске алды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының Сағадат есімді ұлы марқұм әкесін еске алды. Ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында Қайрат Беркімбаевтың көзі тірісінде қандай адам болғанын айтты.
Әкесі өмірден өткенде Сағадаттың жасы 13-те болған. Ол асқар тауынан айырылған соң бірден есейіп кеткен көрінеді.
"Әкем, асқар тауым өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те болды, Сардардың жасы 13-те болды.Әлі бала едік, әкемөімрден өткен күні ересек адам болдық.Себебі қасымызда анамыз бар, біз оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Сондықтан есеюге тура келді", - дейді ол.
Ләйлә Сұлтанқызының ұлы марқұм әкесі түсіне көп кіретінін айтады. Ол Қайрат Беркімбаев қос ұлына қаталдық танытқанымен, мейірімін төгіп жүретін дейді.
"Қазір әкем менің түсіме өте көп кіреді. Сардарға, анама қатты кірмейді. Ең соңғы екі аптада 4-5 рет кірді. Үнемі күліп, жымиып жүреді. Әкем ақша туралы көп ақыл айтатын. "Ақшаны көп жаратпа" дейтін. Өзі ақшаны бізден аямайтын. Бірнәрсе сұрасақ, анамыз "жоқ" десе де, әкеміз "иә" дейді. Екеумізге де қатал болды, бірақ бізге деген мейірімділігі, махаббаты көрінетін", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2165977-songgy-eki-aptada-tusime-4-5-ret-kirdi-laila-sultanqyzynyng-uly-marqum-akesin-eske-aldy-video/