jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Жолдасымның жоқтығы қатты сезіледі": Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: Youtube/Жетінші арна

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, сұқбат кезінде жылап қалды. Өнер иесі бүгінде отағасының жоқтығы қатты сезіліп жатқанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы әлі де күйеуінің өлімін толық қабылдай алмағанын ашып айтты. БАҚ өкілі бала тәрбиесінде, маңызды шешір қабылдарда жолдасының жоқтығы қатты сезілетінін айтты.

    Ол отағасының ақыл-кеңесі мен қолдауы жетіспейтінін жасырмады.

    "Қайреке сияқты денсаулығын күткен адамды мен көрген емеспін. Жылына екі рет толық тексерістен өтіп, қажет вакциналарды алып тұрды. COVID-19-ға қарсы екпені де алды. Бірақ бұл дерт вакцина салғаннан кейін де жеңіл түрде өтуі мүмкін екен. Одан кейін ағзаның көп нәрсеге иммунитеті төмен болады екен. Жолдасымның өліміне дайын болмадым. Алдымен қабылдауға жету жолында құдайдың ісіне қарсы шығып, ашуланасын. Бұл күйзеліске толы кезеңнен өту үшін біраз уақыт кетеді.

    Мен өзім мына бір сатысындамын десем, өтірік айтуым мүмкін. Түйсігім келмейтінін түсінеді. Бірақ кей сәттерде жоқтығы қатты сезіледі. Сағадат бағынбай кеткен кезде "Әкеңе бұл ісің ұнамаушы еді" деп айтамын. Себебі бала тәрбиесіне келгенде ұлдарыма әсер ететін басқа тәсілім жоқ. Ал өзіме келсем, маңызды шешім қабылдарда жолдасымның ақыл-кеңесі, қолдауы қатты жетіспей тұрады. Қайрекеңнің "қорықпа, бәрі жақсы болады" деген жылы сөзі жетпейді. Сол нәрсені сағынамын. Бұл жауапкершілікті мойныма алмаудың бір көрінісі шығар", - деп ағынан жарылды тележүргізуші "Сырласу" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.