Әнші әрі сазгер Вячеслав Добрынин өмірден өтті
Жарияланған күні:
РФ халық әртісі Вячеслав Добрынин 78 жасында өмірден өтті. Марқұм бір апта бұрын инсультпен ауруханаға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Mash хабарлауынша, марқұм мәскеулік ауруханалардың бірінде жан тапсырған.
SHOT мәліметіне сүйенсек, оның жағдайы инсульт салдарынан нашарлай берген. Соңғы айда Вячеслав Добрынин тіпті төсектен тұрмапты.
Сазгердің отбасы онымен өмірінің соңына дейін болып, емімен айналысқан.
"Вокруг ТВ" ақпараты бойынша, Вячеслав Добрынин (шын аты-жөні Вячеслав Антонов) 1946 жылы 25 қаңтарда Мәскеуде дүниеге келген.
Добрынин сазгер ретінде 1970 жылы Олег Лундстрем оркестріне гитарист болып жұмысқа тұрған кезде дебют жасаған, сонымен қатар сол кезеңде танымал "Лада" вокалды-аспаптық квартетін басқарған. Содан кейін Вячеслав Алла Пугачевамен танысып, оған бірнеше ән жазады. 1971 жылы Добрынин "Лададан" кетіп, Олег Анофриевпен бірге "Бременские музыканты" ансамблінің құрамында солист ретінде өнер көрсете бастайды.
Добрынин кейін біршама уақыт "Самоцветы" вокалды-асаптық ансамблінің құрамында өнер көрсетті. Ол толыққанды әншілік мансабын 1986 жылы бастап, кейінірек "Доктор Шлягер" тобын құрды.
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Добрынин мыңға жуық ән жазып, 17 альбом шығарды. Маэстроның әндерін Иосиф Кобзон, Михаил Боярский, Ирина Аллегрова, Михаил Шуфутинский, Маша Распутина, Лев Лещенко және кеңестік және орыс эстрадасының басқа жұлдыздары орындады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168170-anshi-ari-sazger-viacheslav-dobrynin-qaitys-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.