"Үшінші баламызды күтіп отырмыз": Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығын жария етті
Жарияланған күні:
Жақында отандық актер Тәуекел Мүсілім мен жұбайы Махаббаттың үшінші баласы дүниеге келмек. Бұл туралы ерлі-зайыптылар Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тәуекел Мүсілім мен жұбайы Махаббат әлі гендер-пати жасамаған көрінеді.
"Бізде уақыттың 70 пайызы балаларға кетеді. Жақында 100 пайызы кетпек, өйткені үшінші баламызды күтіп отырмыз. Әзірге жынысын білмейміз, қыз бала деп ойлаймыз", - деді Тәуекел Мүсілім.
Айта кетейік, жақында Айгүл Иманбаева алалы болуға дайындалып жатқанын айтқан еді.
"Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі – денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда, Check Up. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде". Денсаулық – зор байлық, достар! Ауырмаңыздар! Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет", - деп жазды Иманбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168295-ushinshi-balamyzdy-kutip-otyrmyz-tauekel-musilim-quanyshty-zhangalygyn-zhariia-etti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.