jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жігіттерге сене бермеймін": Балжан Бидаш жеке өмірі туралы сыр шертті

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде оқырмандарымен сырласып, жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі бүгінде қарым-қатынастан "үркіп қалғанын" айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен тілдесті. Некесі сәтсіз аяқталған шоу-бизнес жұлдызы бүгінде неге қарым-қатынас құрмай жүргенін түсіндірді. Әнші ару махаббатқа сенгенімен, жігіттер қауымына сенімі аса жоқ екенін жасырмады.

    "Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар", - деп жауап берді ол.

    Оған қоса өнер иесі оқырманы жолдаған хаттан кейін көзіне жас алып қалды.

    "Сізді тек бақытты шағыңызда көргім келеді" , - деген хабарлама жазды желі қолданушысы.

    "Мына сөзді оқып, жылап қалдым. Сіздердің махаббаттарыңыз мені бақытты етеді", - деп жазды Балжан Бидаш.

    Сонымен қатар шоу-бизнес өкілі өткен өмірін еске алды.

    "Осы кездегі Балжанды қатты құшақтағым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған адамдарға алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын", - деп жазды өнер иесі.

    Балжан Бидаштың Stories-i
    Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

    "Жігіттерге сене бермеймін": Балжан Бидаш жеке өмірі туралы сыр шертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.