Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүгіннен бастап қызым бар": Дина Төлепберген алғаш рет тұсау кесті (видео)

Жарияланған күні:

Дина Төлепбергеннің тұсау кесіп жатқан сәтінен.
Дина Төлепбергеннің тұсау кесіп жатқан сәті. Видеодан кадр: instagram.com/ dina_tolepbergen

Отандық журналист Дина Төлепберген алғаш рет тұсау кесті. Бұл жайында тележүргізушінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген оқырмандарына тұсаукесердің видеосын бөлісіп, бұл салттың мағынасын түсіндіре кетті.

"Бүгіннен бастап қызым бар. Иә-иә, сіз дәл таптыңыз! Алғаш рет тұсаукесер рәсімін орындау маған бұйырды. Зейнеп Ахметова апамыздың "Күретамыр" кітабында айтылғандай, тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін, тез әрі жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр.

Қазақ халқы баланың аяғына ала жіп байлап, оны арнайы таңдаған қадірлі адамға кескізеді. Ақ пен қара түс – өмір-тіршіліктің нышаны, тұспалды бейнесі. Тағы білгенім, көнеде хан-сұлтандар балаларының тұсауын күмістен жасалған "тобықтағармен" кесіпті. Әлеуметтік статусты ерекшелегісі келген болар. Бәлкім, тек сәндік емес, адамның денсаулығын сақтауға арналған бұйым қастерлеген",- деді ол.

Тележүргізуші өз тілегін өлең жолдарымен қорытындылады.

Ал, қызым, мына әлемге аяқ басуыңмен құттықтаймын! Қаз, қаз, балам, қаз балам, қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шештім мен, тұсауыңды кестім мен…", -деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168679-buginnen-basnap-qyzym-bar-dina-tolepbergen-algash-ret-tusau-kesti-video/