"Бала-шаға асырау керек": танымал "Аппақ қар" әнінің авторы базарда қара жұмыс істеп жүр
Жарияланған күні:
Осыдан бірнеше жыл бұрын жарыққа шыққан "Аппақ қар" әнінің авторы қара жұмысқа жегіліп жүр. "Мұнарлан" тобы орындаған туындыны жазған Байділдә Әбділдаевтің тағдыры туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасы сөз қозғады.
Байділдә Әбділдаев кейінгі 15 жылда қара жұмыстың түр-түрін істеп көрген. "Мұнарлан" тобының бағын жаққан туындының авторы кейде "Алтын орда" базарының маңындағы "питакта" тұрып, адал еңбекпен ақша табуға арланбайды.
"Аппақ қар" әнінің авторымын. Өнерде тиын табу кішкене қиынырақ. Бала-шаға асырау керек. Жұмысқа алып кетеді. Бағасына келісесің. Екі адам болса, 30 мыңды 15 мыңнан бөліп аласың. Ресейде екі әні хит болса, сарай соқтырып алады екен. Гонорар көп төленеді.
Ал бізде жағдай осы. Үкімет ән авторларына бюджеттен жәрдемақы бөлсе деймін, болмаса бұрынғыдай мәдениет үйінде жақсы ақша төлесе дейсің. Сонда бәрі өнерде жүретін еді", - дейді Байділдә Әбділдаев.
Сазгер қазір шығармашылыққа қайта бет бұрып жатқан көрінеді. Айтуынша, оның туындылары қазір TikTok желісінде де жақсы қаралым жинап жүр.
"25 жасымнан намаз оқып кеттім. Сол кезде бұл әндер хит болып бастады. 2016-да үкімет за шығарып, 2018 жылы түрмеге түстім. Бір жыл түрмеде отырып, екі жыл бақылауда болдым. Түрмені түзеу мекемесі дейді ғой, меніңше, түрме адамды бұзады. Сол жақта денсаулық та, мінез де бұзылды. Бұзық достарым да көбейді. Енді шығармашылықты қайта қолға алып жатырмын", - деді ол.
Осы тұста Байділдә Әбділдаев "Аппақ қар" әнінің тарихын да айта кетті.
"Бала кезде бір қызға ғашық болғанмын. 1977 жылғы қыз еді. Бала махаббат болды. Анам бастапқыда қарсы болған. Әскерден келген соң анам үйленуге рұқсат берді, бірақ айырылыстық. Қазір әйелім маған жазбадың деп ренжиді. Өзімнен 9 жас кіші ауылдың қызына үйленгенмін. Үш қызым, бір ұлым бар", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168950-bala-shaga-asyrau-kerek-tanymal-appaq-qar-anining-avtory-bazarda-qara-zhumys-istep-zhur/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.