Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігітке жеті өнер де аз": туған жер туралы ән айтқан Қайрат Әділгерей елді таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Видеодан кадр: instagram.com/ kairat_adilgerey

Отандық әзілкеш Қайрат Әділгерей Instagram желісіндегі парақшасында туған жер туралы әндеткен видеосын жариялады. Көпшілік өнер иесін жаңа қырынан танып, оң бағасын беріп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей видеода Айқын Төлепбергеннің "Туған жер" атты әнін орындаған.

"Ал, әншілер, дайындалыңдар. Сахнаға "фирмач" келе жатыр. Енді "халтурить" ете алмайсыңдар", - деп әзілдеген өнер иесінің өзі.

Мұны көрген көрермен Қайрат Әділгерейге әзіл-шыны аралас пікір жазып қалдырды. Олардың көпшілігі әзілкештің өнеріне оң баға берген.

"Димаштан кейін мен десеңізші", "Бұл ән әншісін енді тапқан сияқты", "Құлақтан кіріп, бойды алар", "Қандай күшті даусыңыз", "Керемет дауыс", "Ритмге түсуді үйренсеңіз болды", "Өнерге әркімнің-ақ бар таласы", "Жігітке жеті өнер де аз", - деп жазды олар.

F

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171091-zhigitke-zheti-oner-de-az-tugan-zher-turaly-an-aitqan-qairat-adilgerei-eldi-tanggaldyrdy-video/