Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқтатайық": әнші Жазира Байырбекова көпшілікке үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарына үндеу жасады. Өнер иесі көпшілікті түнгі он екіде туған күнмен құттықтауды тоқтатуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова бұл үндеуін Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әнші түнде құттықтауды желіден еліктеу деп есептейтінін айтты.

Оған қоса эстрада жұлдызы соңғы кезде қоғамда болып жатқан жағдайларға байланысты жасөспірімдерге түнде жүрген қауіпті екенін алға тартты.

"Құрметті инстадостар, түнгі 12:00-де арнайы барып туған күнмен құттықтағанды сіз болып, біз болып тоқтатайық. Достар, туыстар, сыныптастар арасындағы чаттарға да жіберіңіз. Бұл нәрсе ешкімге ыңғайлы емес. Ұйықтар уақытта ешкімге ұнайды деп те ойламаймын. Жай ғана инстадан көріп, еліктеу арқылы әдетке айналған болуы керек. Әсіресе жасөспірімдер үшін түнде жүру қауіпті. Келісетіндеріңіз "келісемін" деп жаза өтіңіздер", - деп жазды ол.

Желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі әншіні қолдаса, енді бірі құттықтағанды қауіпті деп санамайтынын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171820-toqtataiyq-anshi-zhazira-baiyrbekova-kopshilikke-undeu-zhasady/