"Саған ұл керек": блогер Айсәуле Бақытбек "қыз туа бересің" дегендерге жауап берді
Жарияланған күні:

Отандық танымал блогер әрі кәсіпкер Айсәуле Бақытбек желіде өзін "қыз туа бересің" деп сынға алғандарға шүйлікті. Желі жұлдызы оларға үндеу жасап, балаларды ұл немесе қыз деп бөлмеуге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді. Оқырмандардың бірі блогерден "Ұлды болғың келеді ма?" деп сұрады.
"Аман-есен үшіншісін дүниеге әкелейін. Әзірге төртіншісін жоспарламаймыз. Бізге баланың жынысы маңызды емес. Егер ұлды болсақ өте жақсы. Қызды болсақ та ренішіміз жоқ. Күйеуім екеумізге ортағасырлық көзқараспен өмір сүру – жат. Әсіресе "Саған ұл керек" деп әйелдер көп жазады. Мен соған ренжимін. Біз неге өзімізді жақсы көрмейміз. Тіпті біз кімді қалайтынымыз басқа әйелді неге қызықтыруы керек. Ол құдайдан да күшті біле ме?! Мен қыздарымды жақсы көремін. Олардан басқа ештеңе асқан күшті емес", - деп жауап берді желі жұлдызы.

Айта кетейік, бүгінде Айсәуле Бақытбек үшінші сәбиін күтіп жүр. Жолдасы екеуі қазір екі қызды тәрбиелеп отыр. Жақында ерлі-зайыпты гендер-пати жасап, үшінші перзенті де қыз болатынын анықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2172367-sagan-ul-kerek-bloger-aisaule-baqytbek-qyz-tua-beresing-degenderge-zhauap-berdi/