"Миллиардтаған ақша айтыс пен көкпарға бөлінсін": Қоянбаев отандық хоккей командаларын сынап тастады
Жарияланған күні:
Отандық танымал кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев желіде отандық хоккей және велокомандаларды сынап желіде жазба жариялады. Өнер иесі аталған спорт түрлеріне бюджеттен қыруар қаржы бөлінгенімен ешқандай нәтиже жоқ екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұрлан Қоянбаев Instagram-дағы парақшасында азулы жазба жариялап, наразылығын білдірді. Ол мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алып жатқан хоккей клубының ойындары нәтижесіз екенін айтты.
Оған қоса өнер иесі "Астана" велокомандасын да сынға алды.
"Команда нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға бөлінсін миллиардтаған ақша. "Астана" велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Бірақ нәтиже жоқ", - деп жазды кинопродюсер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2172459-milliardtagan-aqsha-aitys-pen-kokparga-bolinsin-qoianbaev-otandyq-hokkei-komandalaryn-synap-tastady/