Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суррогат анаға жүгінуді ұсынды": жақында екі рет қызды болған Баян Мақсатқызы құпиясын айтты

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов
Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов. Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy

Жақында екі қызы дүниеге келген Баян Мақсатқызы алғаш рет перзенттерінің қалай дүниеге келгенін айтып берді. Белгілі продюсер тұңғышы Айсәуле Бақытбекке сұқбат беріп, жан сырын ақтарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баян Мақсатқызының сөзінше, жолдасы Тұрсын Алагөзов оның денсаулығына қатты алаңдаған. Сол себепті отағасы оған баланы өзі көтергенін қаламайтынын айтқан.

"Сегіз жыл бұрын сүйікті адамыма тұрмысқа шыққаннан кейін балалы болуды қаладым. Соңғы бес жылда үнемі ойлап жүрдім. Одан кейін денсаулығымды реттеуге уақыт кетті. Көп ота жасалып, физикалық тұрғыда шаршап қалдым. Тұрмыс құрған алғаш кезеңде ол туралы ойламадым. Бір күні Тұрсен екеуміз балаға қатысты тақырыпты талқыладық. Ол "Онсыз да сенің денсаулығың көп сынақтан өтті, саған қиын болғанын қаламаймын" деді. Бір жағынан жас ерекшелігімді де еске салды. Ол кезде менің жасым 45-те еді. Тұрсен маған бірден "Баланы өзің көтергеніңді қаламаймын" деді. Қазір заман дамыған. Басқа да жолдары бар екенін айтты", - деді продюсер.

Ойлана келе ерлі-зайыпты суррогат ананың көмегіне жүгінуді шешкен. Алайда бастапқыда бұл қадамдары сәтсіз болған.

"Мен өте көп анализ тапсырдым. Үш ай бойы менің денсаулығымды бақылады. Қорытындысы өте жақсы шықты. Маған табиғи жолмен бала көтере алатынымды айтты. Бірақ мен қарсы болдым. Себебі табиғи жолмен ана болуға дайын болмадым. Суррогат ананың көмегіне жүгінуді ұсынды. Оған қатысты да бірнеше ақпаратты түсіндірді. Біз келісіп, енді сол бағытта жұмыс істей бастадық. Тұрсеннің биоматериалын сақтап қойдық. Төрт жыл бұрын алғашқы қадам сәтсіз болды.

Ұрықты орналастырғаннан кейін екі апта өткен соң дамымай қалып, түсік тастады. Тұрсен "Онда тұрған ештеңе жоқ, демек уақыты әлі келмеді" деді. "Тағы бір рет талпынып көрейік" деген ой айтты. Сәтсіз оқиғаға екі жылдан кейін тағы тап болдық. Ол кезде де ұрық дамымай қалып, түсік тастады. Бізге орталық мамандары хабарласып, жағдайды айтып берді. Ұл бала дамып келе жатыр еді. Тұрсен де екі рет сәтсіз болса да, күлімдеп "Тағы да көрейік" деді. Ақыры екі қыздың ата-анасы атандық", - деді Баян Алагөзова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2172958-tabigi-zholmen-ana-boluga-daiyn-bolmadym-zhaqynda-eki-ret-qyzdy-bolgan-baian-maqsatqyzy-qupiiasyn-aitty/