jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа видеосын жариялады

    Айгүл Иманбаева күйеуімен
    Айгүл Иманбаева күйеуімен. Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

    Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа видео жариялап, елді тәнті етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Айгүл Иманбаева жолдасы екеуінің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ерлі-зайыптының жағажайда серуендеп жүргенін байқауға болады.

    Жас жұбайлар отандастарына сәлем жолдап, бейнежазба соңында бірге жүрек белгісін көрсетті.

    "Қайырлы таң, қайырлы күн! Қазақстанда қайырлы кеш. Бізден, Ерекең екеумізден баршаңызға жалынды сәлем", - деді актриса.

    Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнаған еді. Өнер иесі бүгінде Америка құрама штаттарына жолдасының қасына оралды.

    Сонымен қатар әнші күйеуі екеуі некесін қиғанда өнердегі әріптесі Марат Омаровтың қолдауы ерекше болғанын айтты.

    Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа видеосын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.