"Өлдім деп ойладым": Ырысбала Икрамбай төртінші перзентін дүниеге әкелді
Жарияланған күні:
Мұқтаж жандарға баспаналы болуға көмектесетін отандық блогер Ырысбала Икрамбай төртінші перзентін дүниеге әкелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. жазады.
Қуанышты жаңалықты желі жұлдызының өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Ал Расул Романұлы анаңның құрсағынан әкеңнің құшағына қош келдің!", – деп жазды ол.
Оған қоса Ырысбала Икрамбай босанатын кезде қиын жағдай орын алғанын айтты. Блогер тіпті өліп қаламын деп ойлағанын жасырмады.
"Жарты сағат өзіме келе алмай өксіп, айқайлап жылап алдым-ау. Шүкір, барлығы артта қалды. Жүрек деген адамның моторы екен. Тоқтап қалса, сен де еріксіз тоқтайсың. Керісінше, зуылдаса, ілесе алмай қаласың. Тура толғақ уақытында іштегі баланың да, менде де тахикардия болып, жаным көзіме көрінді. Есімді жоғалтып, не болып жатқанын түсінбеймін, қабылдамаймын. Өлдім деп ойлап, кәлимаға тілім келмей жатты бұрмаланып", - деп жазды желі жұлдызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174616-oldim-dep-oiladym-yrysbala-ikrambai-tortinshi-perzentin-duniege-akeldi/