Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағдыры бар ешкімге ұқсамайтын": Дина Төлепберген Мақпал Жүнісова туралы ойын айтты

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген мен Мақпал Жүнісова
Дина Төлепберген мен Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: Instagram/dina_tolepbergen

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген желіде Мақпал Жүнісоваға жазба арнады. БАҚ өкілі өнер иесінен сұқбат алғаннан кейін оның дана тұлға екеніне екі есе көзі жеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында Мақпал Жүнісовадан сұқбат алып жатқан сәтінен үзінді жариялады. Бейнежазбада тележүргізуші әншіден үш есімді атауын өтінген. Эстрада жұлдызы бірінші қызы Мерейдің, одан кейін анасы Үміт пен бауыры Бағдаттың есімін айтқан.

"Бұның өз ақиқаты бар. Демек сіздің өміріңізде қазір бірінші орында Мерей тұр. Одан кейін сіз анаңыз үшін уайымдайсыз. Үшіншісі сіздің өміріңіздегі елеулі адам бауырыңыз. Енді Мақпал қайда деген сұрақ. Неге бірінші Мақпал айтылмайды", -деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

Дина Төлепберген бұл сұқбаттан кейін өнер иесіне деген құрметі одан сайын өскенін жасырмады.

"Тағдыры бар ешкімге ұқсамайтын. Мақпал ханымның бұл жетістігінің артында өмірде сан түрлі сынақтардан өткен әйелдің тарихы тұр. Оның ішкі жан-дүниесіне терең үңіліп, дана, дара екеніне екі есе көзім жетті. Соңғы жағдайларына байланысты жан-жарасын жаңа әнімен студияда жеткізді", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174775-tagdyry-bar-eshkimge-uqsamaityn-dina-tolepbergen-maqpal-zhunisova-turaly-oiyn-aitty/