"Жаны қашан тынышталар екен": Ақбота Керімбекова желіде жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова желіде әсерлі жазба жариялап, көпшілікке ой-толғауын жеткізді. Өнер иесі елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға байланысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Керімбекова жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарған. Эстрада жұлдызы күллі Қазақстанды дүрсілкіндірген Талғардағы жағдай оған да қатты әсер еткенін жасырмады.
Әнші бүгінде қорқынышпен өмір сүру елімізге сын екенін жеткізді.
"Алладан қорықпаған заман келді-ау. Бұл өмірдің әділдігінен қашқанмен, о дүниенің сұрауына қалай жауап береміз деген ойдың жоқтығы ма сонда? Не болып бара жатырмыз? Қорқынышпен өмір сүру елімізге сын емес па?! Жаның жәнәтта болғай Шерзат балам. Шырылдаған қазағымның жаны қашан тынышталар екен. Аллам өзің жар бола гөр еліме. Ұрпағымызға бақытты ғұмыр сыйлайық", - деп жазды өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174825-zhany-qashan-tynyshtalar-eken-aqbota-kerimbekova-zhelide-zhan-syryn-aqtardy/